Жаңалықтар

Республика күнінде отшашу бола ма?

Республика күніне орай елордада 200-ден аса іс-шара өткізу жоспарланған.

Республика күні мерекесінде Алматы мен Астанада от шашу болмайды. Бұл туралы Астана және Алматы қаласы әкімдіктерінің баспасөз қызметі хабарлады.

Республика күніне орай елордада 200-ден аса мәдени, білім, спорттық және әлеуметтік іс-шара өткізу жоспарланған.

Ведомствоның хабарлауынша, отшашу болмайды.

Алматыда Республика күнін мерекелеу ертеңнен басталады.

Оңтүстік астанадағы мерекелік шара үш күнге жалғасады. Мәдени-спорттық шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына арналады.

Алматыда да отшашу болмайды. Бұл туралы баспасөз қызметі айтты.