Спорт

Қамшыбек Қоңқабаев Баходир Жалоловпен жекпе-жек өткізгеннен кейін әкесінен қандай сөз естігенін айтты

Фото: prosports.kz

Қамшыбек Қоңқабаев Баходир Жалоловпен Азия ойындарының финалында кездесті.

Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарынан кейін әкесінің не дегенін айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Әкем көп сөйлей бермейді, көп мақтай бермейді. «Құтты болсын!» деді. «Жүз мектеп бір әкенің тәрбиесін бере алмайды» дейді ғой. Жақындарым біледі, үнемі жарыс біткенде үйге келеміз, түн болсын, күндіз болсын. Мен бірінші кезекте әкеме хабарласамын. Уайымдап отырады. Сондықтан ол кісінің қолдауы мен үшін өте ерек. Құдай қаласа, бұдан қатты еңбектеніп, Парижде сол алтынды нәсіп етсе деймін. Мен үшін емес, жанкүйер болып отырған Қазақ елі үшін, болашақ ұрпақ үшін нәсіп етсе деген ниетім бар», - деді боксшы.