Жаңалықтар

Оралда кәсіпкерлерді бопсалап, ақша мен қымбат телефон алып отырған адамдар ұсталды

Фото: polisia.kz

Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде суық қару, есірткі, діни материалдар және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Оралда бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

19 қазанда Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті ҰҚКД-мен бірлесіп, кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша мен қымбат ұялы телефондарды бопсалаумен айналысқан Орал қаласының төрт тұрғынын ұстады. Шығын 10 млн теңге болған. Күдіктілер – деструктивті діни ағымның жақтаушылары, бұрын бірнеше рет сотталған. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде суық қару, есірткі, діни материалдар және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деді полициядан.