Жаңалықтар

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш әлем чемпионы болған Ризабек Айтмұхан әлемдік рейтингте көш бастады

Фото: gov.kz

Жаңартылған рейтингте еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынға шықты.

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан әлемдік рейтингте көш бастады, деп хабарлады turkystan.kz.

Біріккен күрес әлемі қауымдастығы әлем чемпионаты мен ХІХ жазғы Азия ойындарынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты, деп жазды BasSport.kz.

Жаңартылған рейтингте еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынға шықты.

Сондай-ақ әйелдер күресінде Жәмила Бақбергенова (72 келі) жаңартылған рейтингте үздіктер көшін бастады.