Қоғам

Көктайғақ болады: 20 қазанға арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөз

Республиканың барлық аумағында түнде және таңертең тұман түседі.

20 қазана арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазгидромет синоптиктерінің мәліметі бойынша, түнде еліміздің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Республиканың шығыс жартысында күн әлі де ашық әрі жауын-шашынсыз болады.

Күндіз оңтүстік-шығыста және солтүстікте жел күшейеді. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында көктайғақ болады деп болжанып отыр.

Республиканың барлық аумағында түнде және таңертең тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 7-12 м/с болады. Ауа температурасы түнде – 1+1°С, күндіз +13+15°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады. Жел екпіні – 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +22+24°С.