Жаңалықтар

Астанада көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды

Фото: inbusiness.kz

18 қазан күні автотұрақтағы көлік салонынан 49 жастағы ер адамның мәйіті табылған.

Астанада тұрақтағы көліктен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

 Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 18 қазан күні автотұрақтағы көлік салонынан 49 жастағы ер адамның мәйіті табылған.

«Ол көлік салонында жалғыз болған, зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Факт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», - делінген хабарлама.