Жаңалықтар

Рудный полицейлері жоғалған ер адамды үйдің чаты арқылы тапқан

pexels.com

Ер адамды соңғы рет осы жылдың шілде айында көрген.

Рудный қаласының тұрғыны бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен. Ер адамды соңғы рет осы жылдың шілде айында көрген. Қызы полицияға әкесінің жоғалып кеткені туралы арыз жазған, деп хабарлады turkystan.kz.

Іздеуге еріктілер де қосылды.  

«Бағдарлар беріліп, тұрғындардың онлайн-чаттарына таратылды. Сондай чаттың біріне дүкен иесі бағдардағы ер кісіге ұқсас адам көбінесе олардың дүкенінің қасында жиі жүретінін жазған. Біз дереу сол жерге бет алдық және хабар-ошарсыз кеткен адамның жеке басын анықтадық»,- деді аға учаскелік полиция инспекторы Ерлан Абдульманов.  

ІІМ мәліметінше, қызы әкесінің қаңғыбастыққа бейім екенін және бірнеше рет үйден кеткенін айтты.  

«Полицейлер маған әрқашан көмек көрсетіп, бәрі жақсы болатынына сенімділік берді, бұл үшін оларға алғыс», - деді жоғалған ер адамның қызы.