Жаңалықтар

Петропавлда әйел көпірден өзенге құлап кетті

Судан қараңғыда әйел адамның айқайы естілген.

Көпірден өзенге құлап кеткен қала тұрғынына Петропавл полицейі көмек көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

18 қазан күні сағат 22:30 шамасында полицияға Есіл өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінің жанындағы суда жағаға шыға алмай жатқан әйел туралы қоңырау келіп түсті.

Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының жақын маңдағы экипаждары жіберілді, ТЖ қызметкерлері мен жедел жәрдем шақырылды. Судан қараңғыда әйел адамның айқайы естілген.
 

Келіп жеткен жедел жәрдем арбасы тоңып қалған 32 жастағы Петропавл тұрғынын медициналық мекемеге жеткізді.