Депутат зейнетақысы төмен қарияларды тегін емделуді ұсынды

Депутат зейнетақысы төмен қарияларды тегін емделуді ұсынды

Депутат зейнетақысы төмен қарияларды тегін емделуді ұсынды
ашық дереккөзі

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан соң депутат, «Халықтық коммунистер» фракциясының мүшесі Төлеш Кенжин ең төменгі зейнетақы алатын қарияларға емдеу шаралары түгелдей тегін көрсетуді ұсынып, депутаттық сауал жолдады.

«Біз депутаттық сауалымызды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың атына жолдаймыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуіне сенсек, жапондар, Щвейцария, Испания, Сингапур елдерінің халқы ең дені сау ұлттардың қатарында екен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізімін бекіту» туралы 2009 жылдың 15 желтоқсанындағы қаулысына сәйкес, Қазақстанның әрбір азаматы кепілдендірілген медициналық көмек ала алады.

Тегін медициналық көмек бюджет есебінен еліміздің азаматтары мен қандастарға ұсынылады және осы тегін медициналық көмек көлеміне алдын алу, диагностика, емдеу қызметтері кіреді. Соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көлемі 6 есеге – 2004 жылғы 131 млрд теңгеден 2013 жылғы 832,2 млрд теңгеге дейін артты. Бұл жалпы ішкі өнімнің 2,4 пайызын құрайды. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша, денсаулық сақтау саласына мемлекет шығындайтын қаржы ЖІӨ-нің 4 пайызынан кем болмауы керек. Әрине, дәрі-дәрмек сапалы болған соң оның бағасы да қымбат болады. Бұл ретте бірқатар мәселені шешу керек. Атап айтсақ, Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылдың 28 желтоқсанындағы 664 бұйрығына сәйкес, алғашқы медициналық санитарлық көмекке сәйкес, науқас адам барлық сырқат түрі бойынша 12 күн ем ала алады. Осы жерде емдеу мерзімін ұзартуды ұсынамыз. Екіншіден, Қазақстанда ең төменгі зейнетақы алатын 123 мың зейнеткер бар. Емдеу шараларының көбі ақылы, дәрілердің бағасы да удай қымбат. Бұндай зейнетақы алатын адамдарға ем қабылдап, дәрі сатып алу қиынға соғары анық. Сондықтан, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге емдеуді тегін ұсынып, ал басқа зейнеткерлер мен ардагерлерге 50 пайыздық жеңілдікпен ұсыну керек деп ойлаймыз. Депутаттық сауал арқылы осындай өзгерістерді ұсынамыз»,-дейді Коммунистік партия депутаттарының атынан сауал жолдаған Т.Кенжин.