Астанада конкурдан ел чемпионаты өтеді

19 қазан, 2023 / Анель Жарылғасын
Gov.kz
Астанада Республика күнін тойлау аясында конкурдан ел чемпионаты өтеді.

 Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Жарыстар 21-22 қазан аралығында “Арғымақ” ат-спорттық сауықтыру кешенінде болады.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған үздік спортшылар екі күн бойы түрлі биіктіктегі 8 бағытта шеберлігін көрсетеді. Жеке бағыттарда Қырғызстан спортшылары да бақ сынайды.

Жарыстың жүлде қоры – 26 миллион теңге. Басталуы–10.00-де, кіру тегін.

Тэгтер:

Астана Ат спорты