Жаңалықтар

Вишневская - Азия ойындарының екі дүркін чемпионы

ашық дереккөзі

Вишневская - Азия ойындарының екі дүркін чемпионы

Саппорода өтіп жатқан  Азиадада биатлоншы қыздарымыз Қазақстан құрамасының қоржынына бір алтын, бір қола медаль салды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биатлоннан із қуу жарысында 10 шақырым қашықтықта отандасымыз бір алтын, бір қола медаль жеңіп алды. Алтын медальды Галина Вишневская қанжығасына байласа, тағы бір отандасымыз Дарья Усанова мәре сызығын үшінші болып кесіп, VІІІ қысқы Азиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал екінші орынға қытайлық спортшы Ян Чжан тұрақтады. Сонымен бүгін биатлоншыларымыз Қазақстан құрамасына 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль сыйлады. Айта кетейік, кеше биатлонның спринттік 7,5 шақырымында Галина Вишневская тағы да мәре сызығын бірінші болып кесіп чемпион атанған еді.