Қоғам

Қазақстандық әйел Түркияда көлік апатынан көз жұмды

Фото: facebook.com/bagdat.kulmagambetov

Жол апаты осы жылдың 3 қыркүйегінде журналист пен оның қызы жантүршігерлік апаттан қаза тапқан тас жолда болған.

Түркияның Алания қаласында 13 қазан күні болған жол апатынан 38 жастағы қазақстандық әйел қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл оқиға туралы марқұмның ағасы Бағдат Құлмағамбетов Facebook-тегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, жол апаты осы жылдың 3 қыркүйегінде журналист пен оның қызы жантүршігерлік апаттан қаза тапқан тас жолда болған.

«13-қазан күні біз Әлия Құлмағамбетова апамыздан айырылдық. Ол небәрі 38 жаста еді. Оның жоспарлары көп болатын. Ол Аланияда (Түркия), D 400, Кестель тас жолында көліктің соқтығысуы салдарынан қаза болды. Полицияның мәліметінше, ол жасыл шам жанған кезде жолды дұрыс жерден кесіп өтіп бара жатқан. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп жазды ол.