Астана қаласы әкімдігінің дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының 30 жылдық мерейтойына орай «Қазақстанның білім беру кеңістігінің дамуындағы «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесі» атты республикалық іс-шараға елордамыздың жас педагогтерін шақырды.
Аталған іс-шараға 112 жас маман қатысты. Шараның ашылуына шақырылған қонақтар мен лицей басшысы Сихимбеков Руслан Алмасұлы жылы лебіздерін білдіріп, шараға сәттілік тіледі.
БИЛ-дің оқу, тәрбие және дарындылықты дамытуды табысты жүзеге асыруындағы отыз жылдық қордаланған тәжірибесімен бөлісу және заманауи талаптарға сай үлгілерін көрсету, қатысушылармен кері байланыс жасау және тәжірибе алмасу мақсатында «Педагогикалық шеберхана» жұмысы 4 бағытта (оқу, тәрбие, бейіндік және кәсіби бағдар беру) шаралар жүргізілді.
Бейіндік бағытта оқушы бойында дарындылықты дамытудың жолдары мен пән олимпиадаларына дайындаудың қырлары мен сырлары туралы жас мамандармен әлемдік ұстаз Муаммер Гул мен директордың орынбасары Рахимова Гүлнар бөлісті. Лицейдеде кәсіби бағдар беру жұмысының жүргізілу барысымен Қорғанов Русланбек таныстырды.
«Құндылыққа негізделген тәрбие беру –заман талабы» тақырыбымен 10-сынып жетекшісі Мауканов Нұрсұлтан, мектеп, оқушы, ата-ана ынтымақтастығы туралы Сыздықова Алма өз ойларын ортаға салды.
Шара соңында қатысушылармен жаңа форматта кері байланыс жасалып, жас мамандар тұжырымды, жүрекжарды пікірлерін айтты.