Жаңалықтар

Астанада бетон араластыратын көлік тепловозға соғылды

Видеодан кадр

Зардап шеккендер жоқ.

Астанада бетон араластыратын көлік жүргізушісі темір жол өткелінен өтіп бара жатып, тепловозға соғылды. Бұл ақпаратты Астана қалалық Полиция департаменті растады, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«18 қазан күні «MAN» автокөлігінің жүргізушісі Пушкин көшесімен келе жатып, реттелмейтін теміржол өткелінен өту барысында 2.5 жол белгісі (тоқтамай жүруге тыйым салынады) талабын бұзып, тепловозға соғылды. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1-тармағы (көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деп атап өтеді полициядан.