«Реал» аңызы Бенземаға лаңкестік ұйыммен байланысы бар деген айып тағылды

18 қазан, 2023 / Дана Ізтілеуова
Алексей Филиппов/ РИА Новости
Франция ішкі істер министрі Жеральд Дарманен өзінің отандасы, Франция құрамасының футболшысы Кәрім Бенземаға осындай айып тақты.

Франция ішкі істер министрі Жеральд Дарманен Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубында ойнайтын, Франция құрамасының футболшысы Кәрім Бенземаның лаңкестік ұйыммен байланысы барын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Кәрім Бензема мырзаның «Мұсылман бауырлар» ұйымымен байланысы бар», — деп келтірді министрдің сөзін Marca.

Бензема 15 қазанда Палестинаны қолдап, әлеуметтік желіде жазба жариялаған. Бұл үшін оны француз журналисі Даниэль Риоло, сондай-ақ Израиль құрамасының экс-голкипері әрі Дуду Ават сынға алған еді.

Тэгтер:

Кәрім Бензема лаңкестік ұйыммен байланысы бар деген айып тағылды лаңкестік ұйым