Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі 98 млн теңгенің қайда жұмсалғанын жариялады

ашық дереккөз

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшыларының әрқайсы 600 мың теңгеден сыйақы алған.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният халқымыздың қанша пайызы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылғанын жариялады, деп хабарлайды Turkystan.kz.

«Халықтың небары 82%-ы ғана міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылып отыр. Оның бір бөлігі МӘМС аясында медициналық көмек ала алмайды. Медициналық ұйымға жүгінген кезде оларға көмек көрсетілмейді немесе жүйеге қосылу, сақтану ұсынылады. Осыдан наразылық туады. Өйткені адамдардың көпшілігі тексерілуге емес, емделуге келеді», – деді Ажар Ғиният.

Министр әлемнің барлығы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылғанын айтты.

«Бұл жерде таңдау, жүйедесіз, жүйеде емессіз деген жоқ. Түрлі пакеттер бар. Төлеп отырған салығына байланысты біреуге минималды, біреуге орта, біреуге жоғары пакет тиесілі. Біздің елде бұл жүйе әлеуметтік, ынтымақты, міндетті болып бөлінеді. Заң 5 жыл бұрын қабылданды. Парламентте талқыланды. Құжатқа Мемлекет басшысы қол қойды. Бүгін осы міндетті жүйе кейбір азаматтарға міндетті болмай тұр. Заң бұзылып жатыр», – деді А. Ғиният.

Министр медицина саласының қызметкерлері диагностика жасаумен, емдеумен айналысуы керек екенін атап өтті.

«Пациентті қабылдаған, оған медициналық көмек көрсеткен кезде сақтандырылғансыз ба, сақтандырылмағансыз ба деп сұрап отыру басы артық жұмыс. Бұл әр азаматтың, әр жұмыс берушінің және қарттар мен балаларды, әскери қызметкерлерді, студенттерді, аяғы ауыр және бала күтімінде отырған әйелдерді сақтандырып отырған мемлекеттің ісі болуы керек», – деді А. Ғиният.

Денсаулық сақтау министрі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының топ-менеджерлері миллиондап сыйақы алмайтынын айтты.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Былтыр қорда ешқандай бонус қарастырылмады. Жалған мәлімет. 98 млн теңге қордағы топ-менеджменттің жалақысына, еңбек демалысына, ем-дом жәрдемақысына бөлінді. 2022 жылы топ-менеджерлердің бонус алмағынан ресми түрде мәлімдеймін», – деді А. Ғиният.