Қазақстанда алимент төлемеген 1 618 адам іздеуде жүр

18 қазан, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөз
Комитет мәліметінше, іздеуде жүргендердің ішінде: ерлер – 1476, әйелдер – 142.

Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәлімдеді.

Комитет мәліметінше, іздеуде жүргендердің ішінде: ерлер – 1476, әйелдер – 142. Іздестіруде жүргендердің көбі 31 жастан 40 жасқа дейін.

Олардың көп бөлігі:

2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген (қылмыстық кодекстің 139-бабы). Ал Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтадың ең көп бөлігі:

Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 207 адам сотталды.

Жалпы алимент бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алимент өндіріп алу туралы 309 670 атқарушылық іс орындауда болды.

Тэгтер:

алимент