Экономика

Астана әуежайын арабтар алды

Келесі жылы жерүсті инфрақұрылымына күрделі жөндеу жүргізіледі.

Астана әуежайы БАӘ-нің Terminals Holding компаниясының басқаруына берілді, деп хабарлайды Turkystan.kz. Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Инвестор бірінші кезекте – ұшу-қону жолағын реконструкциялауды және оны одан әрі жаңғыртуды жоспарлап отыр. Дайындық жұмыстарын және елорданың қысқа мерзімді құрылыс маусымын ескере отырып, келесі жылы жерүсті инфрақұрылымына күрделі жөндеу жұмыстары басталмақ.

Әуежайды дамытудың ұзақмерзімді бизнес-жоспары әзірленеді. Бұл жоспар мемлекет пен жеке компания мүддесінің тепе-теңдік балансын ескере отырып, болашақ инвестицияларға негіз болады.

Айта кетейік, Terminals Holding компаниялар тобы – Азия мен Африканың ірі нарығында тұтынушыларға қызмет көрсететін, сондай-ақ Abu Dhabi Ports ірі портты және өнеркәсіп компаниясымен байланысты қарқынды дамып келе жатқан авиациялық кәсіпорын.