Руханият

Астанада VII Абай оқуларының жеңімпаздары марапатталды

Гран-при иегері - Атбасар қаласындағы «Алтын бесік» бала-бақшасының тәрбиеленушісі Қайырбаева Әлия.

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «VІІ Абай оқулары» әдебиетсайысының жеңімпаздары марапатталды. 

Іс-шараны ашқан Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпованың айтуынша, бұл дәстүрлі байқауының басты мақсаты Мемлекет басшысы айқындап берген Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасын ілгерілендіру, сондай-ақ дала данышпанының артында қалдырған мол мұрасын насихаттау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов байқауға қатысқандар мен жеңімпаздарды құттықтап, ақынның өлеңдеріне цифрлық технологияны пайдаланып, саналуан бейнеролик түсіріп, бірнеше тілде насихатталған жастардың талабы мен жігері, актерлік шеберлігі таң қалдыратыны атап өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантайұлының пікірінше, әрдайым оқуға, еңбекке және руханиятқа шақырған Абайды оқитын адамның үлкен дәрежеге жететіні сөзсіз.

«Сенімен Болашаққа» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, VII Абай оқуларының демеушісі Нұркен Асанов Абай – ұлы, теңдесі жоқ тұлға, ал оның ілімі мен философиясы ғасырлар бойы өзектілігін жоғалтпайтынын ерекше атап өтті.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының бөлім басшысы Алтынай Асқарованыңсөзінше, кемеңгер ақынның мол мұрасы – қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы. Ал өскелең ұрпақтың зердесін ашып, ұлттық әдебиетіміздің тұнық нәрін санасына сіңдіру – біздің парызымыз.

Игі дәстүрге айналған Абай оқуларына осы жылдары ішінде 4500-ге жуық адам қатысып үлгерді. Биыл 31 финалист іріктеліп, 22 жеңімпазанықталды. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар мен номинацияларға ие болғандар:

Гран-при – Атбасар қаласындағы «Алтын бесік» бала-бақшасының тәрбиеленушісі Қайырбаева Әлия.

І орын – Алматы облысы Қараой ауылы №18 орта мектептің 11-нші сынып оқушысы Ақбота Полат, Ақтөбе қаласы М. Арын атындағы Қарғалы қазақ мектебінің 3-інші сынып оқушысы Іңкәр Әбдірахман және Түркістан облысы Шардара қаласы Б.Соқпақбаев атындағы орта мектептің мұғалімі Гүлпаршын Арынова;

ІІ орын – Ұлытау облысы Жезқазған қаласы № 8 мектеп-гимназиясының оқушысы Бекмұратова Милана, Алматы облысы Қарасай ауданы Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Мәжит Нұртілеу, Атырау облысы Н.Тіленбиев атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқуышысы Өтемісов Айбын және Алматы облысы Қонаев қаласы Қ. Қайсенов атындағы №4 орта мектептің мұғалімі Тұржанова Әйгерім;

ІІІ орын – Түркістан облысы Түлкібас ауданы А.С. Пушкин атындағы мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Юнусұлы Айнар, Алматы облысы Шеңгелді ауылының Қ. Жалайыр атындағы №6 орта мектептің оқушысы Балтабай Ақансері, Қарағанды облысы Абай атындағы тірек-мектебінің7 сынып оқушысы Нұрсерік Гүлбаршын, Алматы облысы И.Таиров атындағы орта-мектептің 10 сынып оқушысы Тұрғанжанова Ясмина, Орал қаласындағы № 24-інші мектептің оқушысы Дендеря Эмиль және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының аға офицері Сәулет Қалдаш.

Сайыста атсалысып, көптің көңілінен шыққан үміткерлерге де номинация берілді. Атап айтқанда:

«Ең кішкентай іздемпаз» – ТамерланМамедов;

«Ең зейінді оқушы» – Марьям Долголевец;

«Өлең сөздің шебері» – Ақкенже Қайратқызы, Қалдыбай Жанбота;

«Қара өлеңнің қарлығашы» – Ақниет Смадиярова;

«Ұрпақтар өнегесі» – Қарагөз Мәжитова және Жанерке Берікова; 

«Өнерлі өрендер» – Эргаш және Балауса Бағым; 

«Ең іздемпаз қатысушы» – Толғанай Қыдырбай. 

Топ жарып, жеңісті қанжығасына байлаған қатысушылар диплом мен естелік сыйлықтармен марапатталды.