Домбыра тек музыкалық аспап емес – Мәулен Әшімбаев
"Домбыра мен қазақтың қаншалықты егіз екенін осыдан асырып айта алмаспыз"
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысында домбыраны тек музыкалық аспап ретінде қарастырмау керек екенін айтты.
Шын мәнінде, домбыра тек музыкалық аспап емес. Оның күмбіріне ұлттың рухы, дүниетанымы, тарихы мен тағдыры тұтас сыйып тұр.
Бұл жерде халқымыздың классик ақыны Қадыр Мырзалиевтің «Қазақ – нағыз қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра» деген сөзі еске түседі.
Домбыра мен қазақтың қаншалықты егіз екенін осыдан асырып айта алмаспыз.
Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы өзінің осындай рухани келбеті арқылы бірегейлігін бекемдеп, тарих толқынына жұтылып кетпеген, – деді Мәулен Әшімбаев.