Жаңалықтар

Маңғыстаудың 18 жастағы тұрғынынан 10 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

Соттың санкциясымен 18 жастағы тұрғын 2 айға қамауға алынды.

Маңғыстау полициясы 10 млн теңгеден астам соманы құрайтын синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше,  7 қазан күні сағат 11:30-да «Қарасора – 2023» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Ақтау қаласының 29 шағын ауданында 18 жастағы азамат ұсталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТТБТ-ға тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.