Спорт

UFC файтері Асу Алмабаев: Шавкат екеуіміз кітап оқып жарысамыз (ВИДЕО)

"Шавкат екеуіміз екі бөлмеге кіріп аламыз да, кітап оқып жарысамыз"

Әлемдегі ең беделді Ultimate Fighting Championship (UFC) лигасында өнер көрсететін қазақстандық файтер Асу Алмабаев Хабар арнасынан шығатын «Қызық Times» бағдарламасында атлетке күштен бұрын білім қажет екенін баса айтты. Асу жаттығу жиынында UFC-де өнер көрсететін тағы бір қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновпен кітап оқып жарысып, сосын бір-біріне түсінгенін айтып беретінін мәлімдеді.