Жаңалықтар

Шымкентте 20 жастағы жігіт мектеп ауласындағы турникке асылып қалды

Әлихан Сариев

қайғылы оқиға Шымкентте 17 қазан күні сағат 2:20-да болған.

Шымкентте 20 жастағы жігіт мектеп ауласында орналасқан спорт алаңындағы турникке асылып,көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, қайғылы оқиға 17 қазан күні сағат 2:20-да болған.

Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері Шымкенттегі Тұран аудандық полициясына хабарласқан. Олар Қ. Қазиев көшесіндегі қала мектептерінің бірінің ойын алаңынан жас жігіттің денесі табылғанын хабарлады.

«Жігіт турникке бекітілген қалың арқанға асылып қалған. Марқұм артында ешқанда жазба қалдырмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Одан дене жарақаттары табылмады, сондықтан әзірге мұны кісі өлтіру деп санауға негіз жоқ», – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, марқұм небәрі 20 жаста екен. Қазіргі таңда қажетті сараптамалар жүргізілуде.