Петропавл қаласында ішіне доп тиген жасөспірім қайтыс болды
Оқиға 16 қазан күні кешкі уақытта Жабай көшесіндегі Қарасай стадионына қарама-қарсы жағында болған.
2005 жылы туған жасөспірімнің кіндіктен жоғары жағына доп тиген. Ол көгалға шалқасынан құлап, желкесін соғып алған.
Аталмыш жерде футболдан жаттығу өткен.
Жедел жәрдемге сағат 18:36-да хабар түскен. Олар төрт минуттан кейін оқиға орнына барды. Бала комаға түсіп, жүрегі тоқтап қалған. Бірақ себебі әзірге белгісіз. Жабық ми жарақаты да анықталды.