Жаңалықтар

Елімізде ауруханадағы орындар азайған

ашық дереккөз

Бақылау тарихында (28 жыл) аурухана орнымен қамту көрсеткішінің төмендеуі тек 3 рет тежелген.

Ел азаматтарын аурухана орындарымен қамту көрсеткіші кеміген, деп хабарлайды turkystan.kz Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, 2022 жылы 10 мың қазақстандыққа 52,5 аурухана орнынан келген. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда шамамен 20%-ға немесе 12,9 бірлікке кем. 

Бақылау тарихында (28 жыл) аурухана орнымен қамту көрсеткішінің төмендеуі тек 3 рет тежелген. 2020 жылы көрсеткіш шамамен үштен бірге өсті. Мұның себебі COVID-19 пандемиясы болды. Осыдан кейін құлдырау жалғасқан.

Жалпы, 1995 жылдан бері аурухана орындарымен қамту көрсеткіші 2,3 есеге қысқарған.