«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағының иегерлеріне 3,5 млн теңге төлемақы берілді

17 қазан, 2023 / Анель Жарылғасын
Akorda
17 педагогке 1000 АЕК, яғни 3 миллион 450 мың теңге төлемақы төленді.

Президент жарлығымен білім берудегі айрықша жетістіктері мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін еліміздің 17 педагогіне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңының 24-бабына сәйкес министрліктің бұйрығымен марапатталған педагогтерге 1000 АЕК, яғни 3 миллион 450 мың теңге төлемақы төленді.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы биыл 5 қазанда өткен педагогтердің бірінші республикалық съезінде ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Оған 700-ге жуық білім беру қызметкерлері қатысты.

Тэгтер:

педагог Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Құрметті атақ Төлем