Адаммен толықтай "бірігіп кететін" протез сынақтан сәтті өтті – ВИДЕО
Фермадағы оқыс оқиғадан соң қолынан айырылған әйел инновациялық бионикалық протез оның өмірін қалай өзгерткенін айтты.
Жаңа протездер адаммен толықтай бірігіп кете алады, деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.
Порталдағы мәліметке сүйенсек, Карин есімді әйел бионикалық аяқ-қол экспериментінде қатысқан алғашқы пациенттердің бірі. Фермадағы оқыс оқиғадан соң қолынан айырылған әйел инновациялық бионикалық протез оның өмірін қалай өзгерткенін айтты.
Мұндай протез сүйек, бұлшықет және жүйке жасушаларымен электродтар желісі арқылы байланыса алады. Бірнеше жылдан кейін протез денеге толығымен бітісіп кетеді.
Қазір Карин кәдімгі өз қолымен істейтін іс-әрекеттің 80%-ын протез қолымен де атқара береді екен. Тіпті тамақ істеп, электрониканы жөндейді.