Қоғам

Ақмола облысындағы егін алқабында комбайншы қаза тапты

Ашық дереккөз

Ақмола облысында егіс алқабында қаза болған комбайн жүргізушісінің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Жарқайың ауданы аумағындағы егіс алқабында болған.

Қостанай облысының 58 жастағы тұрғынын егін жинау жұмыстары кезінде "Енисей" комбайнының жетегіндегі белдік орап әкеткен. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

“Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі (адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады”, – делінген ПД хабарламасында.