Жаңалықтар

Қазақстандық шахматшы әлем чемпионы атанды

Фото: bassport.kz

20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем біріншілігі Италияның Пула қаласында өтіп, қазақстандық ұжым бес медаль жеңіп алды.

17 жастағы Ксения Балабаева Италияда шахматтың блиц түрінен өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

BasSport.kz-тің жазуынша, 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем біріншілігі Италияның Пула қаласында өтіп, қазақстандық ұжым бес медаль жеңіп алды.

«Блицтен әлем чемпионатында Ксения – алтын, Әмина Қайырбекова – күміс және Арыстан Исанжұлов қола медаль иеленді», - делінген федерацияның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Мұның алдында Ксения Балабаева мен Зейнеп Сұлтанбек жылдам шахматтан әлем чемпионатында күміс пен қола жүлдені жеңіп алды! Назерке Нұрғали 4-орынға, ал Лия Құрманғалиева лайықты өнер көрсетіп, 5-орынға ие болды.