Қоғам

«Ер адаммен таласқым келмейді»: Сара Амангелді қандай жағдайда өнерден бас тартатынын айтты

Фото: ашық дереккөз

Актриса Сара Амангелді «Жұлдызды шаңырақ» бағдарламасына cұхбат берді.

Актриса Сара Амангелді «Жұлдызды шаңырақ» бағдарламасында қандай жағдайда өнерден бас тартатынын айтты, деп жазды turkystan.kz.

Актриса Сара Амангелді отбасын бірінші орынға қоятынын, тұрмысқа шығып жатса, өнерден бас тартатынын жеткізді.

«Меніңше, жақсы көрген адам ауызбіршілікте өмір сүреді. Бірақ мен одан басқа ештеңеге қызықпағанмын. Мен ер адаммен таласқым келмейді. Егер оның қалауы сол болса, солай болады. Мен әнге, өнерге ғашықпын. Басқа адамдар солай жасаса, мен қуанамын. Бірақ менің жанымда болатын болашақ күйеуім, менің ұрпағым. Мен өмірлік нәрселерге мән беремін. Мен үшін ең бастысы, жанұямды сақтап қалу. Жұмыс деген нәрсе бір күні бітеді. Ал басқасын қайтара алмайсың. Құдайға шүкір, Алла бақ берді. Ең бастысы, абырой мен сыйластық. Бәрі өтіп кеткенде өкініп қалмас үшін өзімді дайындап жатырмын», - деді Сара Амангелді.