Жаңалықтар

Әнші Айдар Тұрғамбек: Әйелімді тіпті өз туысқанының тойына әрең алып бардым (ВИДЕО)

aidar_turgambek инстаграм парақшасынан

Бәрімен танысып, концерттен концертке барып не істейді? Көбісінің әйелдері қалмай жүр ғой қазір.

«Жігіттер» тобының мүшесі Айдар Тұрғамбек Жетінші арнаның «Қызықты weekend» бағдарламасына берген сұхбатында он үш жыл отасқан әйелінің не себепті көпшілік алдына шықпайтынын түсіндірді.

– Әйелім сұлу. Көз тиеді. Өзім таңғаламын сұлулығына. Айтсам көпшілігі сенбейді. Ол көпшіліктің адамы емес. Тойға да бармайды ол кісі. Кеше Шымкентте өз туысқанының тойы болды. «Жүрсеңші» деп зорға алып бардым. Ол жақтырмағаннан емес, адам көп жүрген жерді ұнатпайды. Одан кейін суретке, видеоға түскенді ұнаптайды. Балаларды да түсірткізбейді. Ал былай үйде балалардың, менің жағдайымды жасап, ең басты нәрселерді орындайды. Баланы өмірге әкеп, соларды тәрбиелейді. Тамақтарын дайындайды. Бәрімен танысып, концерттен концертке барып не істейді? Көбісінің әйелдері қалмай жүр ғой қазір. Барлығын істейді. Қолдау көрсетеді. Жанымнан табылады. Бірақ үйде. Білімді, университетті қызылға бітірген. Тағы да оқу орнында оқып жатыр. Оның мақсаты – білім алу. Жұртпен араласып кету жоқ. Былай, керемет адам, – дейді Айдар.

Еске сала кетейік, Айдар екінші рет шаңырақ көтерген.