Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты (ВИДЕО)

Ақтөбе облысында Toyota және Hyundai автокөліктері соқтығысты.

Ақтөбе облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

ІІМ-нің мәліметінше, 16 қазан күні Toyota және Hyundai автокөліктері соқтығысқан. Инерциямен Hyundai автокөлігі жүк көлігіне барып соғылған.
 


ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.