Министрлік орташа зейнетақы мөлшерін жариялады
1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңге болды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 477,6 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 760,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 717,5 миллиард теңге қарастырылды», - делінген хабарламада.
1 қазандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миилион 312 мың адам.
«2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 086 теңге, базалық зейнетақы – 37 902 теңге», - деп толықтырды ведомство.