Жаңалықтар

Қазақстандық велоспортшы Түркияда өткен жарыста жеңімпаз атанды

Sport.kz

Қазақстандық Алексей Луценко «Түркия туры» велоспорт көпкүндігінің жеңімпазы атанды.

Бірнеше күнге созылған веложарыстың соңғы күнінде «Alpecin-Deceuninck» намысын қорғайтын бельгиялық Йеспер Филипсен мәре сызығын бірінші болып қиды. Екінші орын «Астана» намысын қорғайтын нидерландтық Кейс Болға бұйырса, үздік үштікті италиялық Джованни Лонарди («EOLO-Kometa») түйіндеді.

«Астана» капитаны Алексей Луценко жарыстың аталған сатысында сегізінші келді және велокөпкүндіктің бас квалификациясын бірінші орынмен аяқтады.

Қазақстандық команда сапынан Микеле Гадзоли - 13, Харольд Техада - 28, Глеб Сырица - 121, Марк Кавендиш 126-орынға жайғасты.

Айта кетсек, қазақстандық Алексей Луценко Азия ойындарында шосседегі веложарыста ұзындығы 39,6 шақырым қашықтықта 48:05.75 нәтижемен үздік шығып, алтын алды.