Әзірбайжан президенті әйелін бірінші вице-президент етіп тағайындады

Әзірбайжан президенті әйелін бірінші вице-президент етіп тағайындады

Әзірбайжан президенті әйелін бірінші вице-президент етіп тағайындады
ашық дереккөзі
Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев өзінің әйелін, мәжіліс депутаты Мехрибан Әлиеваны елдің бірінші вице-президенті етіп тағайындады.
Бұған қоса ол Гейдар Әлиев қорының президенті қызметін атқарады. Ильхам Әлиев әйелінің жаңа қызметке тағайындалуын Әлиеваның тәжірибесі мол адам екендігімен түсіндірді. 26 қыркүйекте Әзірбайжанда Конституцияға өзгеріс енгізу жөнінде референдум өтті. Ол бойынша, президенттік мерзім бестен жеті жылға дейін ұзартылды. 54 жастағы Ильхам Әлиев елді 2003 жылдан бері басқарып келеді. Оның қазіргі президенттік мерзімі 2018 жылы аяқталуы тиіс.