Қоғам

ІІМ жеке куәлікті жедел беру үшін төленетін ақыны арзандатпақ

Ашық дереккөз

ІІМ маңызды мәлімдеме жасады.

Министрлік өзгеріс енгізу туралы ұсынысты жариялады, деп жазды turkystan.kz smartnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін, жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантында былай берілген:

Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары үшін:

• 1 жұмыс күніне дейін дайын болатын куәлік үшін – 4 983 теңгеден 3372,45 теңгеге;

• 3 жұмыс күніне дейін дайын болатын куәлік үшін – 2 752 теңгеден 1770,88 теңгеге арзандату.

Облыс орталықтары үшін:

• 3 жұмыс күніне дейін дайын болатын куәлік үшін – 4 983 теңгеден 3372,45 теңгеге;

• 5 жұмыс күніне дейін дайын болатын куәлік үшін – 2 752 теңгеден 1770,88 теңгеге арзандату.

Облыстардың аудандары мен қалалары үшін:

• 7 жұмыс күніне дейін дайын болатын куәлік үшін – 1 116 теңгеден 677,95 теңгеге арзандату.