Спорт

Қазақстан құрамасының жанкүйерлері даниялықтарды таңғалдырды

Қазақстан құрамасының жанкүйерлері Даниямен ойыннан кейін стадионда қоқыс жинап кеткен.

Даниялықтар Қазақстан жанкүйерлеріне таңғалды. Бұл туралы танымал блогер Артур Асқарұлы Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

Видеодан Қазақстан мен Дания арасындағы ойыннан кейін жанкүйерлердің қоқыстарын тазалағанын көруге болады.

Даниялық жанкүйерлердің бірі Қазақстан құрамасында "қолдау ең жоғарғы деңгейде" екенін айтқан.