Жаһан

Қазақстан азаматының Израильде жоғалып кеткені рас па? – СІМ жауабы

Қазақстан азаматының жоғалғаны туралы деректер желіде жаппай тарай бастаған.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматының Израильде жоғалып кеткенін жоққа шығарды, деп хабарлады turkystan.kz.

Израиль қарулы күштерінің баспасөз қызметі ХАМАС басып кірген соң көз жұмған, жоғалған немесе қолға түскен шетелдік азаматтардың тізімін жариялаған. Олардың арасында еліміздің бір азаматы көрсетілген.