Жаһан

Ауғанстанда тағы да жер сілкінісі тіркелді

Ашық дереккөз

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.

Қазақстандық сейсмологтар 15 қазанда Ауғанстандағы тағы бір жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің мәліметінше, жер асты дүмпуі Алматы уақытымен 09:36-да болған.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1544 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14,2. Магнитудасы - MPV 6,3. Тереңдігі - 10 шақырым.