Қоғам

Павлодарда полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметкерді ұрды деген күдікке ілінді

Тұрар Қазанғапов

Тексеріс бастауға бөлім тергеушісінен түскен арыз себеп болған.

Павлодарда полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметкер әйелді соққыға жықты деген күдікке ілінген, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақтық полиция департаментінің басшысы Василий Склярдың сөзінше, тексеріс бастауға бөлім тергеушісінен түскен арыз себеп болған. 

"Менің тапсырмаммен полиция департаменті қызметтік тергеу бастады. Оқиғаның мән-жайы мен себебі тексеріс барысында анықталады", - деді Скляр.

Өз арызында қызметкер бөлім бастығының орынбасарын қол көтерді деп айыптап, жазаға тартуды сұраған.