Мемлекет басшысы Жәнібек Әлімханұлын құттықтады
Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF санаты бойынша орта салмақта екі белбеуді иеленді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді жеңген Жәнібек Әлімханұлын құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтаймын. Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!» деп жазды Мемлекет басшысы.