Қоғам

Жетісу облысында көлік апатынан 9 адам зардап шекті

Жетісу облысы ПД

Зардап шеккендер арасында 4 бала бар.

Жетісу облысында жүк көлігі мен «Audi-100» жеңіл машинасы соғылып, 9 адам зардап шекті. Оның төртеуі бала, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қазан күні Балпық би — Мәмбет тасжолының Еңбекшіқазақ ауылының маңында болған.

«Жол апатына түскен тоғыз адам ауруханаға жеткізілді, медициналық тексеруден кейін екі көліктің де жүргізушісі амбулаторлық емдеуге жіберілді. Қалған жетеуі дәрігерлердің бақылауында. Олардың арасында 2011, 2018, 2019, 2021 жылы туған төрт бала бар», — деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, бірқатар сараптама тағайындалды.

Екі көлік те арнайы тұраққа қойылды.