Қоғам

Шымбұлақты қар басып қалды

Алматы әкімдігі

Жетісу және Түрксіб аудандарында орналасқан екі жеке тұрғын үйдің ауласын су басты.

Алматының таулы аймақтарына түнде қар жауды. Қалалық коммуналдық қызметтер Шымбұлақтағы қарды күреп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

«Шымбұлаққа қар түсуіне байланысты көктайғаққа қарсы материал себіліп, бұрынғы экопосттан Шымбұлаққа дейінгі учаскеде жол қардан тазаланып жатыр. Жол қозғалысын шектеу үшін жол полициясы бекеті қойылды», - деп хабарлады әкімдіктен. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Жетісу және Түрксіб аудандарында орналасқан екі жеке тұрғын үйдің ауласын су басты.

Арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында түнгі ауысымға 34 кезекші бригада, 114 техника, 23 мотопомпа, 115 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Таңертең 8-ден бастап жолдарға 38 кезекші бригада, 166 арнайы техника, 23 мотопомпа және 468 жол жұмысшысы шықты.