Қоғам

Қарағандыда ер адам жасөспірімді пышақтап, қашып кеткен

Жанжал азық-түлік дүкенінде болған.

Қарағандыда дүкендердің бірінде ер адам кәмелетке толмаған баланы жаралап, қашып кетті, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, кәмелетке толмаған қарағандылық жігіт пен досы кассада кезекте тұрған. Бір кезде дүкенге бір ер адам кіріп, кезексіз төлем жасамақ болған. Куәгерлердің айтуынша, пышақтасуға дейін барған кикілжіңге осы себеп болған.

Қарағанды ​​облысының полицейлері ақпаратты растады. Жол полициясы басқармасының бастығы Санжар Әділовтың айтуынша, күдікті ұсталған.

Полицейлер бейнекамералардың көмегімен күдіктінің қайда кеткенін анықтады.