Ресейде тыйым салынған сайттарды бұғаттауға қарсылар айыппұл төлейді
Ресейде тыйым салынған сайттарды бұғаттауға қарсылар айыппұл төлейді
Ресей президенті Владимир Путин тыйым салынған сайттарды бұғаттауға қарсы болғандарға айыппұл енгізді. 30 күннен кейін заң күшіне енеді.
Енді талапты орындамаған провайдерлерге 100 мың рубль көлемінде айыппұл салынатын болады. Құжат құқықтық ақпараттар жөніндегі ресми сайтта жарияланды.
Соңғы кезде ресейлік билік киберқауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресейде қарсы насихат пен хакерлік шабуылға қарсы "ақпараттық әскер" жұмыс істейтінін хабарлаған.
Құқық қорғаушылар ресейлік интернетті "еркін емес" деп есептейді. "Агора" ұйымы өткен жылы Рунетте сөз еркіндігі шектелген 100 мың оқиға тіркелгенін айтады.