Жаңалықтар

Мейірім Нұрсұлтанов жылдың үздік боксшысы атанды

Фото: bassport.kz

BoxRec.com сайтының нұсқасы бойынша М.Нұрсұлтанов қазақстандық боксшылар рейтингінде салмақ дәрежесіне қарамастан көш бастап тұр.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша 2023 жылдың орта салмақтағы үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

 Бұл туралы Доминикан Республикасында өткен WBO конвенциясында айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мейірімнің келесі жекпе-жегі қазан айына жоспарланғаны хабарланған болатын.

Ал бұған дейінгі жекпе-жегі сәуір айында Инчхонда (Оңтүстік Корея) өтті. Ол жапондық Кадзуто Такесакомен (16-1-1, 15 КО) жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, WBO International титулын қорғаған болатын.

Айта кетейік, BoxRec.com сайтының нұсқасы бойынша М.Нұрсұлтанов қазақстандық боксшылар рейтингінде салмақ дәрежесіне қарамастан көш бастап тұр.