Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз еліне барды

Akorda

Президентті Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше елдердің мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қырғызстан Республикасына жұмыс сапарымен барды.

"Мемлекет басшысын Бішкек халықаралық әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды" деп жазды Ақорданың желідегі ресми парақшасында.