Жаңалықтар

«Бағанаға жабысып қалған»: Алматыда жұмысшыны тоқ соқты (ВИДЕО)

gov.kz

Қайғылы оқиға «Атмосфера» тұрғын үй кешенінде болған.

Алматыда электр бағанында жұмыс істеп жатқан жұмысшыны тоқ соғып, қаза тапты.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, жұмысшының қажетті құрал-жабдықтары болмаған. Тоқ қуатының қатты болғаны сонша, жұмысшының денесі бағанда жабысып қалған.

Аталған оқиғаға қатысты Түрксіб аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастадық, тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жайы анықталып жатыр», - делінген қалалық ПД хабарламасында.