Саясат

Атырау облысының экологиясына қатысты депутаттардың сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары жауап берді

ашық дереккөз

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары депутаттардың сұрағына жауап беріп, мәселелер Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін жеткізді.

Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «АМАNАТ» партиясы фракциясының мүшелері Ә.Жұбанов Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Р.Склярға Атырау облысының экологиялық жағдайына қатысты мәселе көтеріп, депутаттық сауал жолдаған болатын. Депутаттар өңірдегі экологиялық ахуалға байланысты мемлекеттік комиссия құру туралы ұсыныс айтқан. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары депутаттардың сұрағына жауап беріп, мәселелер Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін жеткізді.

1. Атырау облысын экологиялық дағдарыс аймағы деп танып, экологиялық коэффицент, жеңілдіктер мен өтемақылар төлеу жүйесін енгізуге қатысты. Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 405-бабына сәйкес төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық зілзала аймағы деп жариялау болжанатын аумақты (акваторияны) зерделеу мақсатында Атырау облысы әкімдігімен комиссия құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Себебі аталған аумақты төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық зілзала аймағы деп жариялау үшін қосымша зерттеулерді жүргізу қажет болады. Аталған зерттеулерді Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-бабына сәйкес жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын облыс бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының шеңберінде жүргізу, мәселені жедел түрде шешуге септігін тигізеді. 2. «Tazalyq» жобасы, Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) технологиялық аудит жүргізу және зауытты санитарлық-қорғау аймағының шекарасын қайта белгілеуге қатысты. Атырау облысының экологиялық жағдайын жақсарту үшін АМӨЗ 2028 жылдың соңына дейін мынадай жобаларды іске асырады: 4 технологиялық қондырғыда мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу (2023 ж.); «Tazalyq» жобасы шеңберінде тазарту құрылыстарын толық жаңғыртуды аяқтау (2023 ж.); жаңа сорғы станциясының құрылысы (2025 ж.); барлық мұнай және бензин резервуарына понтондар орнату (2025 ж.); сарқынды суларды толық тазарту қондырғысының құрылысы (2028 ж.). Бұл жобаларды іске асыру атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын азайтуға, Жайық өзенінен суды пайдалануды қысқартуға және сарқынды сулардың төгінділерінің көлемін азайтуға мүмкіндік береді. 2023 жылы технологиялық шығындар мен өртеу нормаларын белгілеу үшін тәуелсіз зерттеу, сондай-ақ әлемдік МӨЗ аудитін жүргізуде тәжірибесі бар халықаралық танылған мамандандырылған сараптамалық компанияны тарта отырып, зауыттың материалдық теңгерімін жүргізу және зауытты үш жылдық (тоқтаусыз) жөндеу аралық кезең жағдайында пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында АМӨЗ қондырғыларының жабдықтарына кешенді техникалық-ұйымдастырушылы аудит жүргізу жоспарлануда. Санитариялық-қорғау аймағында тұрғын үйлерді орналастыруға қатысты «АМӨЗ үшін түпкілікті санитариялық-қорғау аймағын негіздеу жобасына» санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі – СЭҚ) СҚА 1000 м. болып белгіленіп, 2021 жылғы 11 қаңтарда берілген. Ұсынылған жобаға сәйкес ең жақын тұрғын аймақ АМӨЗ ластайтын шеткі көзден 1320 метр қашықтықта солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Бұл ретте СҚА шекарасы сызылған АМӨЗ аумағының ұсынылған карта-схемасында тұрғын үйлер көрсетілмеген. 3. I санатты кәсіпорындардың атмосфераға шығарындыларының шекті көрсетілген көлемдерін қайта қарап, екі есе төмендету және қазба байлықтарды игеріп жатқан компанияларды жаңа технологияларды енгізуге ынталандыратын заң нормалар енгізу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Министрлік эмиссияларды төмендету бойынша жұмыс жүргізуде. Жалпы, 2029 жылға дейін төмендеу жоспарлануда. Ірі өнеркәсіптік объектілер эмиссияларды 20%-дан 30%-ға дейін төмендету бойынша міндеттемелер алды. Оларға қол жеткізу үшін кәсіпорындар ең үздік қолжетімді технологияларды енгізетін болады және тиісінше Экология кодексінің шеңберінде кешенді экологиялық рұқсаттар алатын болады. Өңірде қауіптіліктің 1 санатына жататын 147 табиғат пайдаланушы жұмыс істейді. Атырау облысындағы атмосфералық ауаның жай-күйі мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарынан және энерго-коммуналдық шаруашылықтардан, сондай-ақ көлік құралдарынан және шаруашылық қызметтің басқа да объектілерінен шығарындылар көлемімен және ластаушы заттардың ингредиенттерімен алдын ала анықталады. Облыстың ауа бассейнінің ластануының негізгі үлесі (85%-дан астамы) мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу шаруашылық қызметімен айналысатын кәсіпорындарға тиесілі. Қоршаған ортаға теріс әсерді азайтудың тиімді құралдарының бірі – қолжетімді ең жақсы әдістерді енгізу. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 1-санаттағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың (ТОП-50) ең үздік қолжетімді технологияларды (НДТ) қолдануға байланысты кешенді экологиялық рұқсаттарға міндетті түрде көшуі көзделген. НДТ қағидаттарын пайдалану – ЭДМҰ-ның 35-тен астам елінде қолданылатын жасыл дамуды, экология мүддесінде тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін үздік әлемдік тәжірибе. Қазіргі уақытта мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, химия және электр энергетикасы салаларына арналған 12-ден астам анықтамалық жобалар әзірленді. Анықтамалық жобалар ең жақсы қолжетімді әдістерді қолдану салаларын қамтиды, сондай-ақ атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту мақсатында шаң, азот оксидтері, күкірт диоксиді және т. б. сияқты маркерлік заттардың көрсеткіштері бойынша шекті деңгейлерді белгілейді. Анықтамалықтарды әзірлеу кәсіпорындар, қауымдастықтар мен ғылыми ұйымдар өкілдерінің, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын НДТ комитеті мүшелерінің қатарынан техникалық жұмыс топтары мүшелерінің қатысуымен белгіленген қағидаларға сәйкес ҚДТ Бюросының алаңында жүзеге асырылады. Мәселен, 2025 жылдан бастап ТОП-50 кәсіпорын үшін ҚР Салық кодексіне сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемді босату бойынша қолдау шарасы қолданылатын болады (коэффициент мөлшерлемесі – 0 қолданылады). Кәсіпорындар 10 жылдық кезең ішінде экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасына сәйкес ҚҚТ енгізетін болады, сол арқылы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қоршаған ортаға эмиссияларға ақы төлеуден босату және ҚҚТ енгізуге қаржы қаражатын жіберу мүмкіндігі болады. 4. Атырау облысындағы суларды тазарту қондырғысына қатысты. Қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерді азайту шеңберінде 2020 жылдан бастап НКОК «Болашақ» зауытында Астрахань – Маңғышлақ құбырынан су тартуды 70% - ға қысқартуға және булану тоғандарына ағызылатын сулардың сапасын жақсартуға бағытталған «Суды тазартудың жаңа қондырғылары» жобасы іске асырылуда. 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Атырау қаласының сол жағалауындағы канализациялық тазарту қондырғыларының (КТҚ) құрылысы аяқталды, 2024 жылы аяқталу мерзімімен оң жағалаудағы ескі КТҚ қайта реконструкциялануда. Министірлік облыс әкімдігімен бірлесіп Атырау облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасын (бұдан әрі – жол картасы) бекітті. Жол картасын орындау шеңберінде 2024 жылы жұмыстардың аяқталу мерзімімен «Тухлая балка» және «Квадрат» булану алаңдарын рекультивациялау жүргізіледі. Сұрыптау желісі мен қоқыс өңдеу кешені бар жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонының құрылысы жүргізілуде. Аяқтау 2024 жылы жоспарланған. Осы объектілер пайдалануға берілгеннен кейін Атырау қаласының қолданыстағы полигонын рекультивациялау жүргізіледі. 2023 жылы қоршаған ортаны жақсартуға жоспарланған шығындар 11,9 млрд. теңгеден асады. Облыс әкімдігінде өңірдің жұртшылығымен өзара іс-қимыл жасау үшін белсенділердің, ғалымдардың, мәслихат депутаттарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия жол картасы шеңберінде көзделген шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын болады. Бұл мәселелер Үкіметтің тұрақты бақылауында, – деп жазылған жауапта.