Идеал отбасы қандай болу керек? – Нұрлан имам жауап берді
Бұл жайлы имам «1001 түн» бағдарламасында айтып берді.
Танымал имам, дінтанушы, теолог Нұрлан Байжігітұлы идеал отбасының қандай болатынын айтты.
«Қазіргі кезде идеал отбасы жоқтың қасы болды ғой. Десе де, әйтеуір, талпынамыз. Әркімнің идеалы әр түрлі. Кейде сөзі іспен сәйкес келмей, ал ісі сөзге ұласпай жатқан отбасы көп. Менің түсінігімдегі идеал отбасы – жанұяда әрқайсысы өз орнын білген отбасы. Ері – ер, әйелі – әйел, перзенті – перзент деңгейінде болған, тарихын ұмытпаған, бүгінгі күнін бағдарлай, келешегін болжай білген отбасы идеал деп санаймын», - деді Нұрлан Байжігітұлы.